Қытайдың АҚШ-пен қарым-қатынасы қиындады

Телеканал Хабар 24 · 45,938 просмотров
Қытайдың АҚШ-пен қарым-қатынасы нашарлап барады.

Экономикалық текетіріс екі елдің де дамуына кері әсерін тигізді. Қытайдың өндірістік дамуы бәсеңдеді. Әсіресе елдегі робот құрастыру баяулаған. Ал Американың сауда дефициті 50 млрд долларға жеткен. Бұл былтырғы маусым айындағы көрсеткіштен 9,5 процентке артық.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы біраз елді әбігерге салғаны сөзсіз. Одан бөлек, бұл текетірес жаһан экономикасына әсер етіп жатыр.

АҚШ тарапы бастаған сауда соғысы әлем экономикасын әрі-сәрі күйде қалдырып отыр. Бүгін Қытайдың Ресейдегі елшісі Лу Хуей осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша АҚШ халықаралық сауда тәртібін бұзғанымен қоймай, Қытайды әдейі сауда соғысына арандатып отыр. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
https://www.youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - https://24.kz
Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/
Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/
Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24